Алматыда танымал қазақстандық тележурналист Лейла Бабаева қайтыс болды, - деп хабарлайды Kaztrk.kz.
Алматыда танымал қазақстандық тележурналист Лейла Бабаева қайтыс болды, - деп хабарлайды Kaztrk.kz.
Басылымның мәліметінше, тележурналистің қайтыс болғаны туралы хабарды оның жақын достары хабарлаған. Олардың айтуынша, Бабаева 23 маусымда дүниеден озды. Өлімінің себебі өкпенің қатерлі ісігі екен, Лейла ол аурумен соңғы жылдары күресіп келіпті.
Журналиспен қоштасу рәсімі жұма күні, 24 маусымда, сағат 10.00-де Дәрібаев көшесі, 12 үй, 9-пәтерде өтеді.
Лейла Бабаева 1964 жылы дүниеге келген. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Қазақ менеджмент экономика және болжау институтында оқыды. Сонымен қатар, "Қазақстан", "Алматы", "31" телеарналарында жұмыс істеген. Айта кетейік, оның күйеуі танымал журналист Абзал Әбенов осыдан бес жыл бұрын қайтыс болған еді. Артында үш баласы қалды.
Бірнеше ай бұрын Лейла Бабаева өзінің Facebook парақшасында достарына және қазақстандықтарға оның ем алуына көмек беруін сұраған еді. "Сіздерге алғысымды айтқым келеді. Өз күшімен жасағанның барлығы менің жазылып кетуіме және ем алуды жалғастыруыма жеткіліксіз болды. Барлықтарыңызға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Мен кішкентай қызымды өсіргім келеді, бұл әлі де болсам менің үмітім. Адамдарға пайдам тисе екен деймін. Мен сенбейтін нәрсеге сенемін" ... "Сенің қолыңнан келмейді. Бірақ сен айтқанына жетесің! Ең бастысы "Тек алға!", Клаус Джоулдің "Посланник. Правдивая история про любовь" кітабынан үзінді" , - деп жазды Бабаева әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларының бірінде.