Қазақстанда аралау, орналастыру, қоғамдық тамақтану орындарын қытай туристіне бейімдеуге арналған "China Friendly" бизнес бағдарламасын жүзеге асыру басталады деп мәлімдеді Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығының (ҚТАҚ) президенті Әсел Нұркебаева Астанада өткен қазақстандық-қытай туристік форумы барысында. Бұл туралы премьер-министрдің сайты хабарлады.

"Аталмыш форум турбизнес үшін өте маңызды. Біз Қытай нарығымен тығыз байланыс орнатуға ниеттіміз. Бұл форум осы нарықты терең білуге,олармен жұмыс істеуге және бизнесті қытай нарығына бейімдеуге мүмкіндік береді. Осы форум аясында көрші мемлекеттің туристік операторлармен ақпараттық байланыс орнады. Өз кезегінде біздің туроператорлар бұл бастаманы қолдап отыр. Ақпараттық тур Алматы және Астана қаласында болды. Біздің әріптертерімізге бұл бастамаға көңілдері толады. Оларға Қазақстан ұнаған. Менің ойымша, қытайлық әріптестеріміз бізге көптеген туристер жіберетін болады", - деді Ә. Нұркебаева.
Оның айтуынша, Қазақстан қытай тарапы бойынша жаппай жұмысты бастады.
"Қытай азаматтарын елімізге топтық туристік саяхаттарын жеңілдету туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл қос елдің арасында туризм саласын дамытуға тың серпін берді. Мысалы, 2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша нәтижелер жақсы. Бизнес ояна бастады. Шетелге туристер жіберіп отырған туристік операторлар осы бағытқа да мән бере бастады. Біз қонақ үйлермен келісімге келудеміз. Жоғары аталған меморандум бойынша. Біз Қытай нарығымен ғана емес, Ресей, Иран, Үндістан нарығымен де жұмыс істейтін боламыз", - деді ҚТАҚ президенті.
Ә.Нұркебаева қытайлық туристер үшін еліміздің барлық өңірі қызықты. Мысалы, Алматы және Алматы облысы, Астана, Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, ЮНЕСКО мұра ескерткіштері.