Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілі қаңтардағы оқиға кезінде ұрланған қару тәркіленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілі қаңтардағы оқиға кезінде ұрланған қару тәркіленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы сәуір-мамырда ҰҚК және оның аумақтық департаменттері заңсыз айналымнан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздеу, тәркілеу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді", - деп атап өтті комитет өкілі.
Алматы облысында "Байкал" тапаншасы, екі мылтық, 10 гранат, 104 түрлі калибр оқ-дәрі табылған. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардан 3 қару мен 109 оқ-дәрі тәркіленген. Макаров тапаншасын сату кезінде қылмыскер ұсталған. Қаңтардағы оқиға кезінде Талдықорған Полиция басқармасынан ұрланған тағы бір тапанша оның тұратын жерінен тәркіленген.
Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды, соның ішінде Президент резиденциясына шабуыл жасағандарды ұстау барысында "Глок" тапаншасы, 29 оқ-дәрі және 3 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген.
"Қазақстан" ҰҚТ тергеудегі мүшелері өз еркімен 39 қару, 1 шу гранат, 1 оқ-дәрі және 98 оқ-дәрі тапсырды.
Полиция органдарымен бірлесіп, "Қорған" аңшылық дүкенінен қару ұрлауға қатысы бар өңір тұрғындары ұсталды. Тінту барысында олардың тұратын жерінен оптикалық нысана, тегіс ұңғылы оқ-дәрі жабдықтауға арналған құрылғы, сондай-ақ, ASG страйкбол мылтығы тәркіленді", - деп атап өтті ҰҚК өкілі.
Жамбыл облысынан Калашников автоматы, револьвер, "Сайга" карабині және 328 оқ-дәрісі бар қоймалар табылған.
Қызылорда облысынан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, "Борз" тапанша-пулеметі, "Сайга" карабині, Ф-1 гранаты және 59 оқ-дәрі тәркіленген.
Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментімен бірлесіп, қоймадан 1 шолақ мылтық, бір РГ-42 гранатасы, 168 оқ-дәрі және бір оқ өтпейтін жилет тәркіленген.
Түркістан облысында полиция органдарымен бірлесіп, "Мосина" маркалы мылтығы тәркіленген.
"Заңсыз айналымнан барлығы 61 қару, 13 гранат және 1170 оқ-дәрі тәркіленді. Осы деректер бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады ведомство өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!