Қазақстандық үш боксшы жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық үш боксшы жол апатынан қаза тапты Сурет: elements.envato.com

Атырау облысы құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Атырау облысы құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Атырау боксында орны толмас, ауыр қаза. Үш бірдей болашағынан үміт күттірер жас боксшыларымыз, облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды.

Атырау бокс федерациясы марқұмдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.

Рахметолла, Нұрымов және Тельманов 2000 жылы дүниеге келгендігі белгілі. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы әзірге белгісіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети