02 сәуір 2021 | 11:11

Қазақстандық үш университет аккредитациясынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және "Астана" университетінен аккредитация куәлігін қайтарып алды. Жоғары оқу орындары мамандарды тексеру жүргізуге кіргізбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және "Астана" университетінен аккредитация куәлігін қайтарып алды. Жоғары оқу орындары мамандарды тексеру жүргізуге кіргізбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім туралы" Заңға сәйкес жоғары оқу орындары лицензиясы және аккредитациясы болмаса дипломдар бере алмайды.

"Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы" Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен "Астана" университетіне шешімі туралы ресми хабарлама жіберген.

"Ұйым оқу орындарын аккредитациялаумен айналысады, яғни білім беру бағдарламаларының сапа стандарттарына сәйкестігін тексереміз. Оқу орындары сарапшыларымызға ғимаратқа кіруіне жол бермей, аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізуге кедергі келтірді. Осыған байланысты аккредитация куәлігін қайтарып алуды ұйғардық", - деді "Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы" директоры Бегалы Халмуратов.

Бұған дейін БҒМ да осы ЖОО-лар жоспарлы тексеру жүргізуге кедергі келтіргенін айтты. Сот талқылаулары бір жарым жылдан бері жалғасып келеді.

Сондай-ақ, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) Орталық Азия университетінің аккредиттеу туралы куәлігін қайтарып алды.

"Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жұмысына сәйкес білім беру ұйымдары жүргізілген аккредиттеу қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуын бақылайтын мониторингтен өтуі тиіс. Орталық Азия университетінің мониторингтен өтуден бас тартуына және ұсынымдардың орындалғаны туралы есепті өткізбеуіне байланысты аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алуды ұйғардық", - деп хабарлады "Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі" ҰУ бас директоры Алина Жұмағұлова.

"Атамекен" ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов жұмыс берушілер жоғары оқу орындарындағы білім сапасына қанағаттанбайтынын айтты. Оның айтуынша, болашақ мамандар қажетті білім мен дағды ала алмайды.

"Университет мысалын қарастырайық. 2020 жылғы Жоғары оқу орындары рейтингінің қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің Орталық Азия университетінің білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттануы бар болғаны 32 пайыз. Сарапшылар жоғары оқу орны ұсынған білім беру бағдарламалары елеулі пысықтауды талап ететінін айтты. Мұнда қатаң шаралар қабылдау қажет", - деді Азамат Бейсенбенов.

Білім және ғылым министрлігі аккредиттеу агенттіктері мен жұмыс берушілер бірлесіп жоғары білім беру сапасын арттыруға қол жеткізу үшін жұмыс жасап жатқанын айтты.

"Биыл алдыда кадрларды даярлау сапасы туралы мәселе тұр. Жоғары оқу орындары тарапынан тексеру нәтижелері бойынша мәселелерді шешу мерзімдерінің созылғаны байқалады", - деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ) бас лицензиясынан айырылды. БҒМ университет қызметінде 2020 жылдың ортасында өрескел заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети