Қазақстандық вакцинация паспортын тағы бір мемлекет мойындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық вакцинация паспортын тағы бір мемлекет мойындайды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Индонезия COVID-19 вакцинациясының сертификаттарын өзара тану туралы келісімге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Индонезия COVID-19 вакцинациясының сертификаттарын өзара тану туралы келісімге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн режимде өткен Health Business Gathering форумы барысында Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов пен Индонезияның денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин COVID-19-ға қарсы вакцинация сертификаттарын өзара тану туралы меморандумға қол қойды.

"Құжат eGov мобильді қосымшасы арқылы Қазақстан Үкіметі берген COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинация сертификаттарын және PeduliLindungi платформасы арқылы берілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинация сертификаттарын тануды көздейді", - делінген хабарламада.

Марат Шоранов сонымен қатар, индонезиялық әріптестерін QazVac вакцинасын бірлесіп шығаруға шақырды.

"Біз 2022 жылы вакцина шығаратын зауыт құрылысының екінші кезеңін аяқтап, қуаттылығы жылына 60 миллион дозаға жетеді деп күтудеміз. QazVac вакцинасының экспортын ұйымдастыруға дайынбыз", - деп түйіндеді вице-министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде қазақстандық екпе паспорттарын әлемнің 20 елі таниды: Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Тайланд, Түркия және Эстония.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети