Қазақстандыққа бес жыл бойы елге кіруге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандыққа бес жыл бойы елге кіруге тыйым салынды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы бола алмайды.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша, Павлодар өңірінде 1387 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардың 1362-сі өз еркімен басқа елдің азаматтығын алғанын хабарлаған. Мәселен, полиция қызметкерлері 54 жастағы Қазақстан азаматының көрші елдің азаматтығы барын анықтады. Бұл дерек бойынша сот ісі қаралып, нәтижесінде Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды.

"Павлодар қаласында тағы бір осындай құқық бұзушы анықталды. Ол АҚШ азаматтығын алғанын тиісті органдарға хабарламаған. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған шамамен 800 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Заң талаптарын бұзған әрбір азамат міндетті түрде жауапкершілікке тартылады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети