15 тамыз 2018 | 14:58

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банк өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, электрондық нысанда жасасып, сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдей алады. Шарттың электрондық нысаны міндетті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі.

"Онлайн-сақтандыру енгізілгеннен бастап міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаздағы полистердің айналысы жойылады. Сақтандыру шартын жасасу фактісі сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорға сұрату жіберу арқылы тексеріледі. Автокөлік иелерінің әкімшілік полицияның қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынуы қажет емес. Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатуға, шарттарды офиске бармай-ақ немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы тікелеу жасасу мүмкіндігін береді, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін алуды жеделдетеді", - деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.

Сондай-ақ, сақтандыру компанияларының көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу кезінде 10 пайызға дейін жеңілдік беруге құқылы екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети