Қазақстандықтар 1 пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 1 пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстанда "Дипломмен - ауылға" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастады. Бұл туралы Отбасы банкі Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Дипломмен - ауылға" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастады. Бұл туралы Отбасы банкі Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады.

Өтінімді Baspana Market платформасы арқылы тапсыруға болады. Өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберу керек.

Бағдарлама туралы:

  • көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем: 100 АЕК;
  • тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін жылдық 1 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие (ЖТСМ – 1 пайыз);
  • максималды несие сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін (елді мекен түріне байланысты);
  • несие мерзімі – 15 жылға дейін.

Қатысу шарттары:

  • техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы;
  • несие алған мамандар кемінде 3 жыл бойы өз мамандығы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті;
  • бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети