01 қаңтар 2021 | 00:00

Қазақстандықтар 2021 жылды қарсы алып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар 2021 жылды қарсы алып жатыр. 2020 жыл коронавирус және пандемиямен есте қалмақ.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар 2021 жылды қарсы алып жатыр. 2020 жыл коронавирус және пандемиямен есте қалмақ.

Коронавирус таралуына байланысты 2020 жылы 11 наурызда әлемде пандемия жарияланған еді. Ал 16 наурызда елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген. Режим 11 мамырда аяқталып, Қазақстанның әр өңірінде карантин шектеулері болған еді. Ол әлі жалғасып жатыр. 

2021 жылы қазақстандықтарды қандай өзгеріс күтеді? 1 қаңтардан бастап "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес зейнетақы мөлшері 7 пайызға өседі. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 1 689 теңгеге артып, 18 524 теңгеге жетеді. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 4,6 мың теңгеге өсіп, 43 272 теңге болады.

Жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдерді, айыппұлдарды, салықтар мен басқа төлемдерді есептеуге арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2917 теңге болады.

2021 жылы қазақстандықтар көп күтетін өзгерістердің бірі - тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу және қаржы институттарына сеніп тапсыру үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 2021 жылы 700 мың қазақстандық зейнетақысының бір бөлігін ерте пайдалана алатынын айтқан болатын.

2021 жылы ел тұрғындары 254 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады. Ең көп демалыс қаңтар мен мамырда болады. 

2021 жылы болатын ең ұзақ демалыстар:

қаңтарда Жаңа жыл мерекесінде - 4 күн;
наурызда Наурыз мерекесінде - 5 дней;
мамырда Жеңіс күні - 4 күн;
желтоқсанда Тәуелсіздік күнінде - 4 күн.

Tengrinews.kz ұжымы барша қазақстандықты Жаңа жылмен құттықтайды. 2021 жыл тек жақсы жаңалықтар әкеліп, әр отбасына бақыт пен қуаныш сыйласын. Жаңа жылдарыңызбен!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети