13 маусым 2017 12:39

Қазақстандықтар 23 мыңнан аса ескі көлік өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың 21 қарашасы мен 2017 жылдың 13 маусым аралығында елімізде тозығы жеткен көлік құралдарын ынталандыру Бағдарламасы бойынша ӨКМ Операторының қабылдау бекеттеріне 23 030 автокөлік тапсырылды (М1 санаты), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ӨКМ Операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2016 жылдың 21 қарашасы мен 2017 жылдың 13 маусым аралығында елімізде тозығы жеткен көлік құралдарын ынталандыру Бағдарламасы бойынша ӨКМ Операторының қабылдау бекеттеріне 23 030 автокөлік тапсырылды (М1 санаты), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ӨКМ Операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ескі көліктерді тапсыру бойынша Шымкент қаласы бірінші орында екен. Бағдарлама басталғалы бері Оңтүстік Қазақстандықтар 2 980 автокөлік өткізіп отыр. Тозған техникадан арылу көрсеткіші бойынша Қостанай қаласы екінші (1 825), Алматы облысы (Талдықорған) (1 597) үшінші орында тұр.

Бағдарламаға қатысып, ескі көлігін тапсырғандарға (1 санат бойынша - 150 мың теңге) - 3 440 700 000 теңге ақшалай өтемақы төленді (22 998 көлік). Екінші санат бойынша (48 мың теңге) 1 536 000 теңге (32 көлікке) аударылды.

Жоюға тапсырылған көліктердің қатарында "Жигули", "Москвич", "Волга" сияқты кеңестік кезеңде шыққан машиналардан басқа, шетелдік көліктер де тапсырылып жатыр. 

Бағдарлама бойынша тапсырылған ең ескі көлік - 1946 жылы шығарылған "Москвич" автокөлігі. Оны Семей қаласының тұрғыны өткізген. "Жылы жаңа" деген көліктердің соңын 2014 жылы шыққан "Лада 21901" автокөлігі түйіндеп отыр.

Сонымен қатар тозығы жеткен машиналардың арасында "Мазда", "Фольксваген", "Хонда" сияқты шетелдік автокөліктер кездеседі. Ең әйгілі маркалардың арасында 1996 шыққан Toyota Land Cruiser және 1985 жылы шығарылған Porsche маркалы автокөлік тапсырылды. Жеке тұлғаның еншісінде болған автокөлік бұған дейін В 281 CYN нөмірімен мемлекеттік тіркеуде тұрған. Көлік иесі істен шыққан техниканы жоюға тапысыру жөніндегі анықтама құжатты ІІД әкімшілік полициясынан 17 мамыр күні алған. Бағдарлама талабы бойынша тозығы жеткен Porsche 924 автокөлігі бірінші санат бойынша 150 мың теңгеге бағаланыпты.

"Жоюға өткізілген көліктердің орташа шығарылған уақыты 25-30 жыл. Ескі көліктерді утилизацияға тапсыру Бағдарламасын оңтайландыру үшін 2017 жылдығң қаңтар айынан бастап электронды кезек жүйесі енгізілді. ӨКМ Операторының Call-орталығына (8 800 080 08 65) хабарласу арқылы және auto.recycle.kz ресми сайты бойынша кезекке тұруға болады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети