27 ақпан 2014 | 13:58

Қазақстандықтар 40 тонна дизель отынды Ресейге заңсыз өткізбек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР ҰҚК Шекара қызметінен алынды Фото ҚР ҰҚК Шекара қызметінен алынды

Қазақстандықтар Ресейге 40 тонна дизель отынды жеткізуге тырысқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. "26-ақпаннан 27-сіне қараған түні Павлодар шекара отрядына қарасты "Үрлітөбе авто" бақылау-өткізу бекетінің жасағы Volvo және Mercedes автокөліктерімен (цистернасымен бірге) Ресейге қарай кетіп бара жатқан Қазақстан Республикасының екі азаматын қолға түсірді. Жүкке рұқсат берілген құжаттары бойынша - пеш отыны "дизель отын", жалпы мөлшері 40 тонна", - делінген хабарламада. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдарына хабарлама таратылды. Ұсталған адамдар көліктерімен бірге қаржы полициясына тапсырылды. Дәл осы күні Оралдағы "Ақсай-Авто" өткізу бекетінің шекарашылары КамАЗ жүк көлігімен Ресейге кетіп бара жатқан 31 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 10 тонна тартатын 76 қап егуге арналған көп жылдық шөптердің тұқымы табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети