Қазақстандық көлік иелері (VIP-тен басқа) кез келген мемлекеттік нөмірді 6 734 теңгеге сатып ала алады. Дегенмен жүргізушілер нөмірді Тіркеу-емтихандық бөлімшелері мен арнайы ХҚКО-да барын ғана таңдайды, - деп хабарлайды Кolesa.kz.

Көліктерді тіркеу ережелерінде жаңа пункт пайда болды - Тіркеу-емтихандық бөлімшелері мен арнайы ХҚКО-да бар қарапайым мемлекеттік нөмірлерді сандық және әріптік белгілерін таңдау еркіндігі. Мұндай қызметтің құны қалыпты нөмір берумен тең - 6 734 теңге (2.8 АЕК).
Ал бөлімшелерде бар нөмірлер арасынан ұнайтыны табылмаған жағдайда оған тапсырыс беру арқылы алуға болады. ҚР ІІМ ӘПК-нің мәліметінше, тапсырыс берілген нөмірді дайындау уақыты Алматы мен Астана үшін 5 күн, ал қалған өңірлер үшін - 15 күн. Көлік тек нөмір алынған соң ғана тіркеледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу нөмірінің бір дубликатын жасау үшін баж салығының жартысы ғана немесе 1,4 АЕК алынады. Мұның алдында толық төлем алынатын - 2,8 АЕК.
Көліктерді тіркеу ережелеріне бұл өзгеріс 2018 жылдың 25 мамырынан кейін күшіне енеді.