Қазақстандықтар 8 тоннаға жуық алтын сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 8 тоннаға жуық алтын сатып алды Фото:depositphotos.com

2017 жылы іске қосылған тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 8 тоннаға жуық өнім сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы іске қосылған тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 8 тоннаға жуық өнім сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Ұлттық банкі 2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) және банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 1,7 тонна 47 395 өлшемелі құйма сатты", - делінген хабарламада.

2024 жылы құймалар көп сатылған өңірлер:

  • Алматы (32 735 дана, 69 пайыз),
  • Шымкент (5 200 дана, 11 пайыз)
  • Қарағанды (2 209 дана, 5 пайыз).

"Осылайша, 2024 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алуды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 2,5 тонна 71 106 құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 7,9 тонна болатын 222 680 алтын құйма сатылды".

Халық арасында сұранысқа ие құйма салмағы – 10 грамм. Жалпы сатылған көлем ішінде оның үлесі 25 пайыз – 54 875 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма – 49 145 дана (22 пайыз), 100 грамдық құйма – 47 943 дана (22 пайыз), 20 грамдығы – 40 843 дана (18 пайыз) және 50 грамдық құйма – 29 874 дана (13 пайыз).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети