23 шілде 2020 | 13:26

Қазақстандықтар әлі де той тойлап жүр - ДСМ

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтар шектеуге қарамастан той жасап жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтар шектеуге қарамастан той жасап жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 шілдеден бастап әкімшілік жауапкершілікке 495 жеке тұлғаға тартылып, жалпы 20 миллион теңге айыппұл салынған. 

Реклама
Реклама

Көбіне адамдар жабық типтегі нысанда, автокөлікте маска тақпай, әлеуметтік қашықтықы сақтамаған. 

"Адамдардың мереке ұйымдастыруы әлі де жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, ондай деректер тіркеліп жатыр. Шектеуге қарамастан кей азаматтар той, ұзату тойын, туған күндерді тойлап жүр. Мұндай жағдайда инфекцияның тарау қаупі жоғары. Үлкен отбасылық мерекелерге қонақтар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналады", - дейді Есмағамбетова.  

Оның айтуынша, карантин режимін бұзғандардың көбі Алматыда, Түркістан, Жамбыл, БҚО, Павлодар және Алматы облыстарында анықталған. Той ұйымдастырушыларға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік тағайындалған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная