Қазақстандықтар алғашқы АЭС атауын таңдайды: байқау қашан басталады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар алғашқы АЭС атауын таңдайды: байқау қашан басталады? Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру байқауы 25 қыркүйекте басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру байқауы 25 қыркүйекте басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Атом энергиясы жөніндегі агенттікте елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық байқау өткізу комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық байқау өткізу ережелерін бекітті:

  • 25 қыркүйек - конкурстың басталуы туралы ресми хабарландыру;
  • 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін - eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстарды қабылдау;
  • 11-20 қазан аралығы - ұсыныстарды талдау;
  • қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауын анықтау.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети