Қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр © Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелерге өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойды. Осылайша елімізде жаңа мереке пайда болды - Алғыс айту күні.

Алғыс айту күні Мемлекет басшысының ұсынысымен бекітілген болатын. Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында біздің елге жер аударғандарды еске алған еді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оларға қалай қамқорлық көрсеткенін айтып берген болатын.

"Алғыс айту күні - біздің мемлекеттік күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше мереке. Жас мереке болса да, бұл күн терең тарихымыздың белгісі. Ол сол бір қиын кездерді еске алып тұрады. Ол кезде адамдардың ең құнды қасиеттері қайырымдылық, рақымдылық пен өзара көмек болатын", - деген еді Президент.

Алғыс айту күніне орай еліміздің бірнеше қаласында мерекелік іс-шаралар өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети