Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандықтар Алматыдағы селден зардап шеккендерге көмектесу үшін 50 миллион теңге жинады

05 Тамыз 2015, 08:44
0
© Дәурен Исаев
© Дәурен Исаев

Қазақстандықтар Алматыдағы селден зардап шеккендерге көмекке 50 миллион теңге жинап берді. Бұл туралы "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында "Жаңа Алатау" қоғамдық қорының директоры Айдар Балабеков айтып берді.

Оның айтуынша, қазақстандықтар жинаған қаражат қордың арнайы шотында сақталған. Оны таратумен мемлекеттік құрылымның және қоғамдың ұйымдардың өкілдерінен құралған арнайы комиссия айналысады.

Балабеков қоғамдық қорға селден зардап шеккен тұрғындармен қатар өзен арнасын тазарту үшін арнайы ұйымдардың да өкілдерінің хабарласып жатқанын айтты. "Бүгін Наурызбай ауданыны әкімдігінің өкілдері хабарласып, жауынгерлерді тамақтандыруға қаржылай көмек көрсетуімізді өтінді. Қазір оқиға орнында 836 сарбаз жұмыс істеп жатыр. Оларды тамақтандыруға қаржылай көмек керек. Дегенмен мұны комиссия шешеді, егер олар керек деп тапса, біз онда қаржыландырамыз", - деді "Жаңа Алатау" қорының директоры.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай