Қазақстандықтар арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы кезекке шағымданды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы кезекке шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы кезекке шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қаладағы арнайы ХҚКО-ның бірінің кіреберісі алдында кезекте тұрған адамдардың видеосы тарады. Видео авторының айтуынша, кезекте тұрғандар автомектеп оқушылары.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесі қалалық филиалының баспасөз қызметі қаладағы барлық арнайы ХҚКО-да ұзақ демалыстан кейін азаматтардың көптеп жиналғанын атап өтті. Мәселен, 10 мамырда тек №1 арнайы ХҚКО-да 2 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, екінші деңгейлі банктердің көлік құралдарын қайта тіркеуге берген өтініштері арқылы 3 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер саны артқан. 13 мамыр, сенбіде де осындай жағдай байқалған. Бұл күні алты автомектеп практикалық емтихандарды жазуға келген.

"Азаматтарға арналған үкімет" бүгінде Алматыдағы арнайы ХҚКО-да кезек жоқ екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети