Қазақстандықтар әскерден онлайн босатылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар әскерден онлайн босатылуы мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда әскерге шақырылушылар міндетінен онлайн босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда әскерге шақырылушылар міндетінен онлайн босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Elicense.kz электронды лицензиялау порталында әскерден босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметі іске қосылды.

"Осыған дейін бұл қызметті алу үшін әскери комиссариатқа бару керек болған. Біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру қызметін оңтайландырдық. Енді оны онлайн режимде 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті алу үшін Еlicense.kz порталына тіркеліп, "Қауіпсіздік" деген тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау керек.

Кейін ұсынылған және қосымша жолдарды толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, әрі әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электронды көшірмелерін жүктеп, өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Әскерге шақыру комиссиясы өтініш пен тиісті мәліметті қарап, әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады.

Сонымен қатар, комиссия себебін түсіндіріп, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарта алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети