06 шілде 2017 09:29

Қазақстандықтар Астана күнін тойлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан астанасы бүгін 19 жылдығын атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан астанасы бүгін 19 жылдығын атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылданған болатын. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Осылайша, 2017 жылы Қазақстанның елордасы 19 жылдығы тойланады.

Cондай-ақ, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 77 жасқа толып отыр. 

Айта кетейік, Қазақстанда Елорда күні ресми түрде 6 шілдеде атап өтіледі. Үкімет қаулысына сәйкес, 1 шілдедегі демалыс күні 7 шілдеге, жұмаға ауыстырылады. Ал кейінірек қазақстандықтарды әдеттегі екі демалыс күні - сенбі, 8 шілде мен жексенбі, 9 шілде демалыс күндері күтеді.

Осылайша, қазақстандықтар Елорда күніне төрт күн қатарынан - 6-9 шілде (бес күндік жұмыс күні болса) күндері демалады. 

Мереке күніне орай елорда алаңында ашық аспан астында тамаша рок-концерт өтеді. Кеш қонақтары - Motor-Roller мен UMAY топтары. Ал "Жастар"  сарайында караокеден "Поют все!" байқауының финалы өтеді. Үздік қатысушы қаржылаы сыйақы алады.

Алматылықтарды да мереке күні қызықты бағдарламалар күтеді. Абай атындағы Республика сарайында сағат 20.00-де отандық жұлдыздардың қатысуымен концерт өтеді. Сондай-ақ, қаланың әрбір ауданында мерекелелік іс-шаралар жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети