Қазақстандықтар “бақ дөңгелегі“ бар тағы бір қаржы пирамидасына алданып қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодарда АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде көрсетілген "TAKORP" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде көрсетілген "TAKORP" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, "TAKORP" қаржы пирамидасы инновациялық жарнама технологияларына бағытталған АҚШ платформасы ретінде таныстырылған. Жобаның қатысушыларына "OKX" криптобиржасы арқылы криптовалюта сатып алу арқылы тіркелу ұсынылған.

Негізгі шарттардың бірі — кемінде 5 жаңа салымшыны тарту. Бұл талап орындалған жағдайда "бақ дөңгелегіне" қатысуға және бағалы сыйлық ұтып алуға мүмкіндік берілді.

"Нәтижесінде, 80-нен астам азамат уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін инвестиция салған, кейбірі деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонус аламыз деп үміттенген.

Қылмыстық жолмен алынған табыс 59 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Пирамиданы насихаттау мақсатында Zoom платформасы арқылы бейнеконференциялар форматында жарнама жүргізілген. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты салымшылардың материалдық жағдайын жақсарту деп көрсетілгенімен, шын мәнінде, жаңа қатысушыларды тарту қажеттігі басты назарда болған.

"Салымшылардың қаражатына күдіктілер Павлодардан пәтер сатып алып, төрт банк депозитін ашқан. Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды.

Сот қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларды 1 жыл 6 айдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті".

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мәселесі азаматтық іс жүргізу шеңберінде қаралатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети