Қазақстандықтар баланың туу туралы куәлігін алуға өтінішті SMS арқылы бере алады. Бұл жөнінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандықтар баланың туу туралы куәлігін алуға өтінішті SMS арқылы бере алады. Бұл жөнінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оспановтың мәлімдеуінше, 29 желтоқсаннан бастап мемкорпорация мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесіп белсенді форматта, баланың тууы бойынша қызмет көрсету пилоттық жобасын іске қосты.
"Енді тууды тіркеу бойынша өтініш АХАТ-қа автоматты түрде келіп түсетін болады, ол ақпараттық жүйе интеграцияларының көмегімен жүзеге асырылады. Бала өмірге келе сап анасына сәбидің туу туралы куәлігіне тапсырыс беру жөнінде ұсыныс SMS-хабарламасы келіп түседі. Барлық мәлімет түрлі меморгандардың ақпараттық жүйелерінен алынады, жетіспейтіндері қызметалушыдан SMS-хабарлама арқылы сұралады. Баланың тууы бойынша белсенді қызмет көрсету пилоттық жобасы Қазақстанның барлық облысында іске қосылды", - деп хабарлады Оспанов Facebook желісінде.
Мемкорпорация басшысының мәлімдеуінше, белсенді қызмет қолданушысы болу үшін электронды үкімет порталындағы мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Оны www.egov.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы жүзеге асыруға болады.
"Таңғы сағат 9-дан қазіргі уақытқа дейін 192 әйел белсенді форматта қызмет алу ұсынысымен SMS-хабарлама алды", - деп жазды Абылайхан Оспанов.