Қазақстандықтар бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Енді қазақстандықтар бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді қазақстандықтар бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерді қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан бір жылға дейін ұзартылды. Жаңа нормалар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда, дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және оларды қорғау шараларын сақтамау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұлдар құқық бұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Қабылданған шаралар азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ақпараттандыру саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети