Ranking.kz аналитикалық қызметінің мамандары бір адамның бөлшек саудада айлық орташа есебін жариялады.
Ranking.kz аналитикалық қызметінің мамандары бір адамның бөлшек саудада айлық орташа есебін жариялады.
Ауылды жерлерге қарағанда халық көп шоғырланған (урбанизм) жерлерде үш есе көп сауда жасалады, яғни қалада бір айда бір адам 56 мыңға сауда жасаса, ауылды жерде бір адам 20 мың теңгеге сауда жасайды екен.
Мамандар ең төменгі сатып алулар, яғни антирекорд Жамбыл облысында тіркелгенін атап өтті. Онда бір адам айына небәрі 10,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өңірде ауылды жерлер 59,5 пайызды құрайды. Жамбыл облысында орта есеппен алғанда бір адам айына 15 мың теңге жаратады.
Адамдар көп шоғырланған жерлер арасында айына ең көп ақша жұмсайтын Алматы қаласы - 105 мың теңге. Екінші орында Астана - 69 мың теңге.
Жалпы Қазақстан бойынша тамыз айының қорытындысы бойынша бір адам айына 37 мың теңге жаратады. Бұл дегеніміз өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 21 пайызға көп.