15 қараша 2021 | 10:10

Қазақстандықтар БЗЖҚ-дан 2 триллион теңгеден аса қаражат алған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

БЗЖҚ қазақстандықтардың арнайы шоттарына екі триллион теңгеден аса қаржы аударды. Дегенмен зейнетақы қорындағы жинақ сомасы бес пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

БЗЖҚ қазақстандықтардың арнайы шоттарына екі триллион теңгеден аса қаржы аударды. Дегенмен зейнетақы қорындағы жинақ сомасы бес пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылғы 1 қазанда еліміздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың зейнетақы жинақтары 13,1 триллион теңгеге жетті, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес пайызға артық.

Салымшылар жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге, сондай-ақ жинақтарын жеке басқарушы компанияларға (ЖТБ) аударуға болатынына қарамастан, бұл көрсеткіш өсті. Осылайша, жүйе тұрақтылықты көрсетті.

Жинақ көлемінің өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістер көлемінің ұлғаюымен байланысты. Мәселен, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың шотына төлемдерді қайтаруды қоса алғанда, оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге жалпы сомасы 1,2 триллион теңге зейнетақы жарналары түскен. Кіріс ағындары 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 439,5 миллиард теңгеге немесе 57 пайызға өсті. Салымшылар жарнасынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай артуы 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында 1 триллион теңгеден асқан, ол таза инвестициялық кіріс есебінен.

2021 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 491,1 мың өтінішін орындады. БЗЖҚ қазақстандықтардың уәкілетті операторлар – банктерде ашылған арнайы шоттарына екі триллион теңгеге жуық қаражат аударған. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері төрт миллион теңге болды. Орындалған өтініштердің басым бөлігін Алматы (17 пайыз), Маңғыстау облысы (13,5 пайыз) және Нұр-Сұлтан (13 пайыз) тұрғындары жолдаған.

Сондай-ақ, БЗЖҚ жалпы сомасы шамамен 55,7 миллиард теңгеге емделуге 61,4 мыңға жуық өтінішті орындады. Бұл ретте қаражатты алудың орташа сомасы бір миллион теңгеге жетпейді.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептермен белгіленген мерзімде пайдаланбауына байланысты БЗЖҚ-ға 280 миллиард теңгеден аса қаражат қайтарылған.

БЗЖҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық кірісті және мемлекет кепілдіктерін жоғалту, сондай-ақ ЖАТ-ны мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшылар (алушылар) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауы қажет. Олар жинақтың бір бөлігін алғаннан кейін, еңбек қызметі аяқталғанда зейнетақы төлемдерінің мөлшері аз болатынын түсінуі керек.

Биыл қаңтар-қыркүйекте БЗЖҚ-дан түскен зейнетақы төлемдері 2,1 триллион теңге болды. Бұл ретте, негізгі сома немесе 90,7 пайызы тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері.

Қалған 3,4 пайызы немесе 73,2 миллиард теңгесі кесте бойынша төлемдер;

  • 1,4 пайызы немесе 29,1 миллиард теңге – тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер;
  • 2,2 пайызы немесе 47,2 миллиард теңге – мұрагерлерге, жерлеуге төленетін төлемдер;
  • 2,2 пайызы немесе 47,6 миллиард теңге – сақтандыру ұйымдарына аударымдар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети