08 қазан 2020 | 12:15

Қазақстандықтар COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болғанын қосымша арқылы біле алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

Қазақстанда Saqbol мобильді қосымшасы іске қосылды. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл COVID-19 жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Saqbol мобильді қосымшасы іске қосылды. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл COVID-19 жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және инфекция ошақтарын уақтылы оқшаулау үшін жаңа мобильді қосымшаны ұсынды.

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 бойынша оң нәтиже көрсеткен адамға соңғы 14 күн ішінде екі метрден аз қашықта және 15 минуттан аса уақыт басқа адаммен байланыста болғаны туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді.

Saqbol қосымшасын пайдалану үшін оны смартфонға жүктеп, шифрланған деректерді жіберу жүзеге асырылатын Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша iOS және Android жүйелерінде қолжетімді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қосымша қазақстандықтарды вирус жұқтыру қаупі туралы уақтылы хабардар етуге және инфекцияның таралуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

"Қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен контактілерді жасырын түрде іздеуге бағытталған. Оны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды немесе жібермейді. Хабарландыруды іске қосқан кезде бағдарлама бұл туралы басқа пайдаланушыларға автоматты түрде және жасырын түрде хабарлайды. Осылайша, қосымша азаматтардың жұқтырған адамдармен байланысы туралы уақтылы хабарлауға көмектеседі", - дейді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.74   532.51   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети