26 мамыр 2016 16:26

Қазақстандықтар дәл қазіргідей өмір сүрген емес - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында қонақтарға елдің тәуелсіздік жылдарында қандай жетістіктерге жеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында қонақтарға елдің тәуелсіздік жылдарында қандай жетістіктерге жеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәуелсіздік жылдарында доллармен айтқанда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі, 2014 жылды қосқанда 20 есеге өсті, орташа жалақы - 17 есеге. 2 миллион жұмыс орны ашылды. Осы мінберден қазақстандықтар дәл қазіргідей өмір сүрген емес деп сеніммен мәлімдей аламын", - деді Қазақстан Президенті.

Ол қарқынды экономикалық өсімде ел билігінің табысты шектен асатын деңгейде үзу жағдайын болдырмағанын және айтарлықтай деңгейде кедейліктің қысқарғанын атап өтті.

"90-шы жылдардың басында, әрбір үшінші азамат, нақтырақ айтсақ халықтың 40 пайызы кедейлікте өмір сүрді, бүгін болса кедейлік деңгейі 3-ақ пайыз. Экономикалық өсімде біз жалпыға ортақ тұтынушылыққа жол бермедік. Біз үшін басты басымдылық адам капиталы, инфрақұрылымның, индустриализацияның дамуы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағының жинағының дамуы болды және осылай болып қала береді", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети