Жүргізушілер қатып қалған, парафинделген дизель отынын, бұзылған сүзгіні, тоқтап қалған автомобильді көрсететін видео түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жүргізушілер қатып қалған, парафинделген дизель отынын, бұзылған сүзгіні, тоқтап қалған автомобильді көрсететін видео түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шағым айтқан видеолар Instagram-дағы @kris_p_brothers парақшасында шыққан.
"Қараңыздар! Гель, жабысқақ парафин . Жүрмейді. Мұндай дизель отыны үшін ақша беру енді орынсыз", - деп шағымданды жүргізуші видеода.
Келесі видео авторы жанармай құю бекетінде су сияқты сұйық дизель отыны құйғанын айтты. Тағы бір ер адам минус бір градуста қатып қалған отынды көрсетті.
Тағы бір ер адам жанармай құю бекетіне жанармай құюға тырысқанын, бірақ сүзгіде жанармай қатып, резервуарға өтпегеніне шағымданды. Тағы бір желі қолданушысы станция қызметкері дизель отынын еріту үшін жанармай құятын түтікке қайнаған суға құйып жатқаны туралы видео жариялады.
Бұл жағдайға "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Қазір барлық қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) "маусымаралық" дизель отынын өндіреді. Оңтүстік өңірлерге Шымкент МӨЗ-нен дизель отыны жеткізіледі. Қазанның соңына қарай "қысқы" дизель отынына көшу жоспарланған.
МӨЗ-де дизель отынының сапасын бақылау жөнелту кезінде отын партиясына паспорт беру арқылы жүргізіледі, негізгі сынамаларды іріктеуге сүйенеді. Әр партия үлгісі МӨЗ-де сақталады. Осы уақытқа дейін МӨЗ-ге қатысты шағым болған жоқ", - деп хабарлады компания.
ҚМГ-да дизель отынын МӨЗ-ден тиегеннен кейін ол мұнай базаларына және одан әрі ЖМҚС-ға түсетінін түсіндірді. Мұнай базалары мен АЖҚС-дағы отын сапасын бақылау көтерме және бөлшек саудамен айналысатындардың жауапкершілігіне байланысты екенін айтты.
"Егер мұнай базаларында сақтау барысында дизель отынының сапасына өзгеріс енсе, дұрыс сақталмаса немесе басқа өніммен араласып кетсе, бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзыретіне өтеді.
Қазақстандық МӨЗ-дер "алыс-беріс схемасы" бойынша жұмыс істейді және отынды бөлшек саудада сатумен айналыспайды. МӨЗ тек шикізатты өңдеп, өңделген өнімді мұнай иелері сатады, - деп толықтырды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Қыркүйектің соңында еліміздің бірнеше өңірінде дизель отынының тапшылығы байқалып, баға күрт өсті. Бұл туралы бірінші жүк көлігі жүргізушілері айтты. Көптеген ЖМС-де ұзын сонар кезек пайда болған.
Кейінірек Алматы қаласы, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының жанармай бекеттерінде дизель отынының бағасы күрт өсіп, литріне 194 теңгеден 245 теңгеге дейін көтерілді.
Қазақстанда дизель отыны қымбаттады.
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отын дағдарысы кенет басталмағанын айтып, қор тамыздан бастап азайғанын айтты. Мұның бәрі қазақстандық отынның шекара маңындағы елдерге қарағанда бірнеше есе арзан болуына байланысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!