Қазақстандықтар Джей Лоның концертіне 5 сағат бұрын келіп алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Джей Лоның концертіне 5 сағат бұрын келіп алған Фото ©️ Tengrinews.kz

Бүгін Астана америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің концертіне дайындалып жатыр. Оның концерті "Астана Арена" стадионында өтеді. Әлі ерте болса да, жанкүйерлер шоу басталғанға дейін жиналып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астана америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің концертіне дайындалып жатыр. Оның концерті "Астана Арена" стадионында өтеді. Әлі ерте болса да, жанкүйерлер шоу басталғанға дейін жиналып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тіпті кейбіреулер асықпай өз орнын тауып, атмосфераны сезіну үшін бес сағат бұрын келіп алған.

Басталуына әлі біраз уақыт барына қарамастан мұнда кептеліс байқалады, өйткені концертке елдің түкпір-түкпірінен, шетелдерден көрермен келеді.

Стадион аумағы қазірдің өзінде қоршалған, кіреберісте кезекші полиция қызметкерлері тұр. Кешке, Дженнифер Лопестің концерті кезінде мұндағы қозғалыс уақытша жабылады.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Астана Арена стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Up All Night атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін Астана әкімдігі әйгілі әншінің концерті алдында ескерту жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.81  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети