Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын шетелде емделуге жұмсай алады

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын шетелде емделуге жұмсай алады Фото: elements.envato.com

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV-дің тікелей эфирінде қазақстандықтар зейнетақы салымдарының бір бөлігін емделуге жұмсай алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV-дің тікелей эфирінде қазақстандықтар зейнетақы салымдарының бір бөлігін емделуге жұмсай алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жергілікті атқарушы органдардың жанынан арнайы комиссия құрылады. Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ережелер бойынша қандай да бір аурулардан емделіп, оның ақысын зейнетақы жинағы арқылы төлеу мәселесі қаралып жатыр. Оның қандай аурулар екені анықталады.

Комиссия медициналық көмек алу үшін осындай ауруларды емдеу мәселесін қарайды. Ол мақұлданған жағдайда ақша Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай операторы арқылы тиіс медициналық ұйымға, оның ішінде шетелдік клиникаларға жіберіледі", - дейді Виктория Шегай.

Айта кетейік, 2021 жылдан қазақстандықтар зейнетақы салымдарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік берілген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети