Қазақстандықтар ескірген көлігін тапсыратын жер таппай жүр: бағдарлама туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар ескірген көлігін тапсыратын жер таппай жүр: бағдарлама туралы не белгілі? Фото:depositphotos.com

Екі жыл бұрын Экология министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеу бағдарламасын жариялаған еді, алайда бүгінгі күнге дейін Қазақстанда оларды кәдеге жарататын орын жоқ. Tengri Auto-ға көлікті кәдеге жарату пунктін ашып, бағдарламаға қосылмақ болған қазақстандық хабарласты.


Екі жыл бұрын Экология министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеу бағдарламасын жариялаған еді, алайда бүгінгі күнге дейін Қазақстанда оларды кәдеге жарататын орын жоқ. Tengri Auto-ға көлікті кәдеге жарату пунктін ашып, бағдарламаға қосылмақ болған қазақстандық хабарласты.

Өскемен тұрғынының айтуынша, оның қара металлды қайта өңдейтін кәсіпорны бар. 2024 жылы ол пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату кәсіпорнын ашуға рұқсат алмақ болған.

"Біз "Жасыл даму" компаниясына жүгініп, Астанаға бардық. Олар бізге жинау қажет құжаттар тізімін берді. Біз оларды 3–4 ай жинадық, бірақ құжаттарды тапсырғанда, ішінен кейбір сәйкессіздіктер тапты", - деді ол.

Мәселе бір түбіртекте болған, оны ол бірден түзетіп, қалған құжаттарға қоса тіркеген.

"Олар үш айдан кейін бағдарлама іске қосылады деді. Қазір сайт әзірлеп жатыр екен. Құжаттарымның бәрі дұрыс екенін айтты", - деді ол.

Алайда соған қарамастан, кәсіпорынды тіркей алмаған. Оның айтуынша, дәл осындай жағдайға Қазақстанның басқа қалаларындағы барлық құжаты дайын қайта өңдеушілер де тап болған.

"Жасыл даму" нұсқасы

"Жасыл даму" мәліметінше, 2024 жылдан бері бар болғаны үш өтінім түскен. Олардың барлығы белгіленген тәртіппен қаралып, талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған.

"Бас тарту туралы хабарламалар себебі көрсетіліп өтініш берушілерге жолданды. Бұл ретте ескертулер жойылмады. Осылайша, бүгінде пайдаланудан шыққан көлік құралдарын қабылдау бойынша қоғамда тіркелген қайта өңдеушілер жоқ", - деді ведомство.

Сайтта техникалық жұмыстар расында жүргізіліп, кәсіпорындармен келісімшарт жасауға кедергі келтіре ме деген сұраққа компания жауап бермеді.

Жүргізушілер мәселесі

Көлік иелері утильалым төлейді, алайда әлі күнге дейін көліктерін кәдеге жарату пункттеріне тапсыра алмай отыр. Бізге әртүрлі қаладан пайдаланудан шыққан көліктер мен техниканы кәдеге жарата алмай жүрген оқырмандар хабарласты.

Ақтөбе тұрғыны 2024 жылы көлігін есептен шығарып, оны утильге тапсырмақ болғанын айтты. Алайда өз қаласында қабылдау пунктін таппаған.

"Қазақстанда автоқалдықтарды кәдеге жаратуға болады деген ақпарат жарияланған соң көлікті есептен шығардық. Көлігімді сата алар едім, бірақ ол есептен шығарылғандықтан, енді ештеңе істей алмаймын", - деді ол.

Осындай жағдайға 2024 жылы тракторы мен жеңіл автокөлігін есептен шығарған Ақтөбенің тағы бір тұрғыны тап болған.

"Біз 2025 жыл бойы күттік. Пункттер ашылады деп уәде берумен болды, қайта өңдеушілермен келіссөздер жүріп жатыр дейді. Бірақ бұл жауапта нақтылық жоқ", - деді ол.

Осыған ұқсас оқиғаны Атырау тұрғыны да айтты:

"Көлікті тапсырайын десем, ешкім қабылдамайды. Онда мен утильалымды не үшін төледім? Соны түсінбеймін. Бүкіл Қазақстан бойынша көлік тапсыратын жер жоқ", - деді ол.

Сөйтіп, көптеген қазақстандық көліктерін есептен шығарып, енді оларды сата алмайтын, металл сынығына өткізсе тым арзанға түсетін жағдайға тап болып отыр, ал кәдеге жарату пункттері әлі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 502.6  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети