Қазақстандықтар EXPO-2017 көрмесіне заңсыз жиналып жатқан алым-салыққа шағым түсіре алады. "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаменті "жедел желінің" қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компаниядағылардың айтуынша, барлық "қауіпті қоңырау" міндетті түрде жылдам қаралып, сыбайлас жемқорлық деректері өкілетті органдарға жолданатын болады. Ал заңсыз ақша жинау деректері туралы мына номерге +7 702 332 65 21 хабарласып немесе осы номерге WhatsApp арқылы хабарлама жолдасаңыз болады. Сонымен қатар, мына электрондық поштаға хабарлама жіберуге болады: [email protected].
Осыған дейін осы жылдың 29 маусымында өңірлермен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты өткізілген кеңейтілген кеңес барысында Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов Халықаралық мамандандырылған көрмеге халықтан ақша жинау туралы әңгімені жоққа шығарған еді. "ЭКСПО тұрғындардан тікелей не жергілікті билік органдары арқылы, тіпті полиция қызметкерлері көмегімен ешқашан ақша жинаған емес. Оның үстіне, жобаның құны соңғы айлар көлемінде 130 миллиард теңгеге қысқартылды" , - деді А.Есімов.
Айта кетейік, халықаралық EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.