Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті e-Saluq Azamat мобильді қосымшасында "қызметкер еңбекақысы" сервисін іске қосты. Енді қазақстандықтар жалақы, салық, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруға аударылатын төлемдерді тексере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мобильді қызметте салық кезеңдері 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша қол жетімді.
"Егер электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS-құпиясөз арқылы тұлға сәйкестендіруден өтсе, деректер қолжетімді болады. SMS мобильді азаматтар базасында (ХҚКО-да) тіркелген ұялы телефон нөміріне келеді", - делінген хабарламада.
Деректі қарау үшін "салық әмияны", ары қарай "қызметкер еңбекақысы" бөліміне өтіп, жыл мен кезеңді таңдау қажет.
Бастапқы кезеңде жұмыс берушісі бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңатайланған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар деректерін қарай алады.
Мәлімет болмаса немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда есепті түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.
E-Saluq Azamat мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market қосымшалар дүкенінен жүктеп алуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!