24 тамыз 2020 11:08

Қазақстандықтар жаңа оқу жылына дайын ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтырғы оқу жылының төртінші тоқсанында қандай қате ескерілді? Мұғалімдер қашықтан оқытуға дайын ба? i-balaqai talks жобасының арнайы шығарылымында қонақтар қазақстандық оқушыларға арналған жаңа жағдайлар, техникалық жабдықтау, балалардың, ата-ана мен педагогтердің психикалық дайындығын талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Былтырғы оқу жылының төртінші тоқсанында қандай қате ескерілді? Мұғалімдер қашықтан оқытуға дайын ба? i-balaqai talks жобасының арнайы шығарылымында қонақтар қазақстандық оқушыларға арналған жаңа жағдайлар, техникалық жабдықтау, балалардың, ата-ана мен педагогтердің психикалық дайындығын талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикерлер:

  • ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари;
  • "Қазақстандағы жаңа мамандықтар Атласы" жобасының басшысы, BTS Digital білім беру орталығының басшысы Саясат Нұрбек;
  • Montessori Qazaqstan Қоғамдық Қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов;
  • Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы және бас директоры Нұрмұхаммед Досыбаев;
  • Шоқан Уәлиxанов атындағы мектеп директоры Олег Пак;
  • Электрон білім беру жүйесіндегі Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы Рауан Кенжехан;
  • Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман;
  • "Пифагор" математикалық мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы, сарапшылар кеңестерін бөлісіп, арнайы мәселелер бойынша ұсыныстарын айтады.

Бүгін, 24 тамыз сағат 17:00-де Tengri-TV-дің YouTube-арнасында спикерлер "Жаңа оқу жылы: online vs offline" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Жүргізуші - журналист, телерадио жүргізушісі Махаббат Есен. 

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

Видео-сұхбатты сағат 17:00-де Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және 18:00-де I-BALAQAI-дың YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz-тің Facebook, "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

i-balaqai talks жобасының барлық шығарылымын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және I-BALAQAI-дың YouTube-арнасынан көруге болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети