Қазақстандықтар "Жайлы мектеп" жобаларын талқылауға қатыса алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

2023 жылдың 11-17 қыркүйегі аралығында қазақстандықтар жайлы мектептердің жобаларын талқылауға қатыса алады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылдың 11-17 қыркүйегі аралығында қазақстандықтар жайлы мектептердің жобаларын талқылауға қатыса алады.

Оқушылар, ата-аналар, педагогтар және барша жанашыр азаматтарға ұлттық жоба шеңберінде салынып жатқан заманауи мектептердің ішкі құрылымы, қасбеті және безендірілуі бойынша өз пікірлерін ашық білдіруге мүмкіндік беріледі.

Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары сілтеме арқылы өтіп, сауалнамаға қатыса алады. Мұнда мектептердің қасбеті, архитектурасы, сыртқы және ішкі дизайні, интерьері және көлемдік-жоспарлау шешімдері көрсетілген.

Конструктивті сын, ескертулер мен ұсыныстар 2023 жылдың 17 қыркүйегіне дейін қабылданып, қаралады. Содан кейін жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.

«Біздің мақсатымыз ұлттық жобаны жүзеге асыру барысын барынша ашық ету, сондықтан мектептердің жобасын бүкіл халық болып талқылауды жөн көрдік. Біз алғашқылардың бірі болып мұндай бастаманы іске асырып жатырмыз. Оқу ошақтары сапалы білім беріп қана қоймай, оқушылардың қарым-қабілеттерін дамытып, белсенділігін арттырып, болашақ мамандығын таңдауға жол ашады. Ең бастысы, жайлы мектептер балаларды, жастар мен ересектерді өзіне тартатын орталыққа айналуға тиіс. Сол себепті, қазақстандықтарды сауалнамаға белсене қатысуға шақырамын», – деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.

Samruk-Kazyna Construction мектептерді жобалауға аса көңіл бөледі. Жобалық-сметалық құжаттама толық, егжей-тегжейлі және жан-жақты ойластырылған болуы керек, өйткені оқушылар үшін қол жетімді, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру қажет.

2023-2025 жылдар аралығында ел бойынша жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынып, 738 мыңға жуық оқушы орны ашылады. Мектептер мен мердігерлердің толық тізімімен skcn.kz сайтында танысуға болады.

Ұлттық жоба аясында жоспарланған 369 мектептің ішінде Samruk-Kazyna Construction 359 нысанның құрылысына жауапты. Қалған 10 мектептің құрылысына жергілікті атқарушы органдар жауапты. Оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын объектіні тауар ретінде сатып алу әдісі арқылы салынады. 163 білім беру нысаны немесе 44% ауылдық елді мекендерде салынса, 206 жайлы мектеп (56%) қалаларда бой көтереді. Барлық мектептер біркелкі етіп жабдықталады. Осылайша, сапалы білім мен жайлы орта қала және ауыл оқушыларына бірдей қолжетімді болады.

Tengrinews
Samruk-Kazyna Construction ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro