05 тамыз 2021 | 09:51

Қазақстандықтар жедел жәрдемнің пандемиядағы жұмысын бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар жедел жәрдемнің пандемиядағы жұмысын бағалады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша респонденттердің 10 пайызы жедел жәрдемді ұзақ күту туралы айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар жедел жәрдемнің пандемиядағы жұмысын бағалады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша респонденттердің 10 пайызы жедел жәрдемді ұзақ күту туралы айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың қоғамдық мониторингінің нәтижелеріне сәйкес, азаматтар жедел жәрдем жұмысына 82,5 пайызға қанағаттанды. Көрсетілген қызметтің орташа бағасы 5-тен 4,69 балл.

2020 жылы Қазақстанда жедел медициналық жәрдемнің 330 станциясы (бөлімшесі) жұмыс істеді. 2019 жылы 318 станция жұмыс істеген. Бір жыл ішінде жедел жәрдем станциялары 7,5 миллион адамға қызмет көрсеткен. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 11,2 пайызға аз.

Әрбір 1000 адамның 398-і жедел жәрдем бөлімшесімен қамтылды. 2019 жылы 1000 адамның 451-і жедел жәрдем қызметін пайдаланған.

Барлық өтініштердің 97,7 пайызында жедел медициналық көмек көрсету үшін "103" нөмірі бойынша қоңырау қабылданды, 2,3 пайыз жағдайда көрсетілетін қызметті алушыларға жүгіну үшін басқа нөмір ұсынылды.
ҚР-да жедел медициналық көмек көрсету ережелеріне сәйкес фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың жеделдік санатына байланысты диспетчерден шақырту алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейінгі келу уақыты 10-60 минут. Көп жағдайда (85,4 пайыз) жедел жәрдемді күту мерзімдері белгіленген нормативтерге сәйкес келеді.

10,4 пайыз жағдайда күту бір сағаттан аса уақытты құрады, респонденттің тағы 4,2 пайызы жедел жәрдемнің нақты күту уақытын есіне түсіре алмады.

Сондай-ақ, жедел жәрдемді 4 сағат, тіпті 5 күн күтуге тура келген жекелеген жағдайлар да атап өтілді. Бұл ретте респонденттердің көпшілігі (27,7 пайыз) жедел жәрдемнің 10 минут ішінде келгенін атап өтті. Сауалнамаға қатысқандардың тағы 25,8 пайызы жедел жәрдемді шамамен 15 минут, 23,9 пайызы жарты сағат күткенін, респонденттердің 8 пайызы жедел жәрдемді бір сағатқа жуық күткендерін айтты.

Респонденттердің 94,8 пайызы жедел жәрдем бригадасы пациентке қажетті көмек көрсеткенін атап өтті. 47,4 пайыз жағдайда көмек үйде көрсетілді, 35,2 пайыз жағдайда пациентті ауруханаға жатқызған, 13,1 пайыз жағдайда пациент ауруханаға жатудан бас тартқан, тағы 1,9 пайыз қызмет алушылар жедел жәрдем бригадасы қажетті көмек көрсетпей кеткенін атап өтті.

Жалпы жедел жәрдем қызметкерлерінің "сыпайылық және қажеттіліктерге назар аудару" санаты бойынша жұмысы азаматтарды 88,3 пайызға қанағаттандырды, респонденттердің 83,6 пайызы жеделдікпен, 83,1 пайызы құзыреттілікпен, диспетчердің сыпайылығы мен ұқыптылығымен 83,1 пайызы, "103" пультіне қоңырау шалу жылдамдығымен - барлығы 74,2 пайызы қанағаттандырылды.

Өңірлер бөлінісінде бағалау өлшемшарттарының жиынтығы бойынша ең жоғары балдарды Жамбыл және Ақтөбе облыстары, сондай-ақ Астана алды.

Ең төменгі орташа баллды Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети