Қазақстандықтар жеке шоттары бұғатталғанына жаппай шағымданып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар жеке шоттары бұғатталғанына жаппай шағымданып жатыр Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жеке және бизнес шоттарының бұғатталғанына шағымданып жатыр. Сонымен қатар көптеген пайдаланушы салық бойынша қарыздары жоқ екенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жеке және бизнес шоттарының бұғатталғанына шағымданып жатыр. Сонымен қатар көптеген пайдаланушы салық бойынша қарыздары жоқ екенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Threads желісінде шоттарының бұғатталғанына шағымданған қазақстандықтардың жазбалары қаптап кетті. Хабарламаларға қарағанда, бұғаттау жаппай сипат алған. Себептері әзірге белгісіз.

"Бүгін еш себепсіз шоттар жаппай бұғатталып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінен түсініктеме күтеміз", - делінген жазбалардың бірінде.

Көбісі шоттардағы шектеуді қалай алып тастауға болатынын және бұған кім жауапты екенін сұрастырған.

"15 сәуірден кейін Threads-те емес, салық органдарында еш кінәміз жоқ екенін дәлелдеп отыратын сияқтымыз", - деп жазды тағы бір пайдаланушы.

Келесі жазбаның авторы скриншот жариялады, онда шоттың бұғатталу себебі ретінде камералдық бақылау бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны көрсетілген. Ер адам айыппұлдарының бар-жоғын және барлық салықтардың төленгенін тексергенін, бірақ бұғаттауға негіз боларлық ешқандай себеп таппағанын айтады.

"Ақшасыз қалдым. Жеке шоттарым бір сәтте бұғатталып қалды. Техникалық қате дейді. Автоматты түрде ашылуын күтіңіздер дейді. Қанша күту керектігін ешкім білмейді. Тұрақтан шығу үшін адамдардан ақша сұрап жүруге тура келді. Абсурд па? Жоқ, бұл шындық...", - деп жазды тағы бір қазақстандық.

Мұндай жазбалардың пікірлерінде жұртшылық жүйедегі қателік туралы жазып, байланыс орталығына (call-центр) қоңырау шала алмай жатқандарына наразылық білдірген.

Tengrinews.kz редакциясы Мемлекеттік кірістер комитетіне ресми сауал жолдады. Ондағылар тиісті департаменттен ақпарат күтіп жатқандарын хабарлады. Біз жағдайды әрі қарай бақылаймыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.78   558.43   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети