30 қазан 2019 | 17:31

Қазақстандықтар ЖСН арқылы өз атына тіркелген бөтен абоненттерді біле алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар өз атына тіркелген бөгде SIM карталар яғни абоненттер туралы біле алады, деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар өз атына тіркелген бөгде SIM карталар яғни абоненттер туралы біле алады, деп хабарлайды "Елорда Инфо" тілшісі.

"Өзге адамның атына тіркелген SIM картаны қолданушыларға қатысты бірер ақпарат егер сіз өз атыңызға басқа абоненттің тіркелгенін анықтаған жағдайда, ұялы байланыс кеңсесіне келіп, сол жөнінде өтініш жазсаңыз болады. Өз кезегінде байланыс операторы бөгде абонентті бұғаттайды.

Сондай-ақ, сіздің атыңызға заңсыз тіркелген SIM картадан қайда қоңырау шалынды, жазылған sms-тер және қолданылған интернет трафиктері туралы ақпаратты білуге болады", - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, SIM картаны бұғаттаудың алдында өтініш беруші абоненттегі жеке қажеттіліктері мен қаржыларын басқа нөмірге ауыстыра алады.

"Егер сіздің атыңыздағы SIM картаны бөгде адамның қолданып жүрмегеніне көз жеткізу үшін, алдымен құқық қорғау органдарына өтініш білдіресіз. Тиісті орган сіздің атыңыздан қолданылып жүрген абоненттің иесін іздейтін болады", - деді ол.

Комитет басшысының айтуынша, әрбір азамат өз атында қанша бөгде абоненттің тіркелгені туралы Egov.kz сайтындағы IMEI тіркелгендігін тексеру сервисі арқылы анықтауға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети