19 қараша 2020 | 11:21

Қазақстандықтар жыл сайын 6 миллион тонна қоқыс тастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар жыл сайын 6 миллион тонна қоқыс тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ARTиШОК театрының базасында өткен Eco-talks талқылауында экологтар айтты. Жиынға белсенділер және өнер қайраткерлері қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар жыл сайын 6 миллион тонна қоқыс тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ARTиШОК театрының базасында өткен Eco-talks талқылауында экологтар айтты. Жиынға белсенділер және өнер қайраткерлері қатысты.

ҚЭҰҚ басқарма төрайымы Айгүл Соловьева адамзаттың қоршаған ортаға деген орасан зор қарым-қатынасының салдары - бұл қоғамның барлық мүшелері шешуі тиіс проблема екенін, оның ішінде адамдардың сана-сезімін арттыру үшін үнемі жұмыс жүргізудің қажеттілігін атап өтті, ал мұнымен StopMusor жобасы айналысады.

"Статистика көрсетіп отырғандай, бір ғана Қазақстанның полигондарында жыл сайын 5-тен 6 миллион тоннаға дейін қалдық түзіледі және біздің қазақстандық мамандар бұл 60 миллиард теңгеден астам соманы көмумен тең деп мәлімдейді. Біздің мақсат - Еуроодақ елдеріндегі сияқты қалдықтарды қайта өңдеу айналымына қол жеткізу", - деді эко-белсенді және Recycle Birge негізін қалаушы Пакизат Сайлаубекова.

Талқылау барысында автокөліктерді тексеру үшін қаланың периметрі бойынша экологиялық бекеттерді жұмысқа қайта енгізу ұсынылды. Шынында да, күн сайын қалаға облыстан 100 000-ға жуық машина кіреді, олардың көпшілігі техникалық стандарттарға сәйкес келмейді, осылайша ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясын арттырады.

"Біздің табиғатқа тигізіп жатқан әсеріміз өте ұят жағдай: қоқыс, пластик және бөтелкелер барлық жерде. Ал осыны әл-ауқатты, жақсы көлік айдайтын алматылықтар жасайды", - дейді спикер.

Ол сондай-ақ қоқыс - қаланың екінші мәселесі, бірінші орында - ауаның ластануы екенін атап өтті.

"Алматы халқының үштен бір бөлігі бронх аурулары мен аллергиядан, яғни қолайсыз экологиямен байланысты сырқаттардан зардап шегеді. Түсіну үшін айта кетейін, бізге ыстық су жеткізу, пәтерлерді жылыту және электр қуатын беру үшін күн сайын ЖЭО-да 100-ден астам вагон көмір жағылады. Қазір күл үйінділері күн сайын пайда болатын күл ағынына әлеуеті жетпейді, ал бұл күл үйінділерінің аумағы - ондаған, тіпті жүздеген футбол алаңдары ауданымен бірдей", - деді спикерлердің бірі, тележурналист және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Понамарев.

Eco-Talks қатысушылары қоқысқа екінші өмір беріп, одан өнер нысанын жасауды ұсынды.

"Экология тақырыбының арқасында мен суретші және мүсінші болдым, қоқыс немесе басқаша айтқанда, шығармашылық үшін шашылып жатқан көптеген қызықты материалдар мені қызықтырды. Қоқыс, ол ойлаудан басталады, ал көшедегі қоқыс-қалдық бұл - біздің санамыз бен тәрбиеміздің салдары", - деді суретші-мүсінші Руслан Ақанаев.

Қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова қала кеңістігін эстетика жағынан да, қоқысты пайдалануға ыңғайлы жағынан дұрыс жобалаудың маңыздылығына тоқталды.

Талқылаудың басталуына дейін ARTиШОК әртістері дайындаған интерактивті театрлық қойылым болды, ол көшеде қоқыс тастау проблемасының артында тұрған адамдардың портретін ашты, сонымен қатар олардың жиі келтіретін себептерін айтты.

Іс-шара StopMusorKZ жобасының әлеуметтік беттерінде қатар көрсетілді, тікелей эфирдің жазбасын сілтеме бойынша көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети