Қазақстандықтар қандай транзит рейстер арқылы ұша алатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар қандай транзит рейстер арқылы ұша алатыны айтылды

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтар қандай транзит рейстер арқылы ұша алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтар қандай транзит рейстер арқылы ұша алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байғабылов қандай да бір елге бару алдында сондағы коронавирус бойынша жағдайды білу керек.

"Мысалы, қазақстандық Малайзияға Түркия арқылы транзит рейспен ұшқысы келеді. Ия, бұл мүмкін, бірақ ондағы COVID-19 жағдайын бақылау керек. Әр елде шектеу шаралары күн сайын өзгеріп отырады. Келетін жолаушылар үшін шектеу шаралары туралы мәліметті нақтылау керек. Түркияда да өз талаптары болуы мүмкін.

Біз бір жаққа ұшуға шектеу қоймаймыз, бірақ Қазақстанға екінші санаттағы елдерден келетін жолаушылардан коронавирусты анықтайтын тест тапсыруын талап етеміз. Мысалы, Дубайға кіру үшін 96 сағаттан аспайтын уақыт бұрын өткізілген тестілеудің теріс нәтижесі болуы керек", - деді көліктегі санитар дәрігер.

Сондай-ақ, Байғабылов Қазақстанның ҚХР, Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Мысыр, Украина, Ресей, Польша, Өзбекстан елдерімен әуе қатынасын жандандырғанын еске салды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети