22 маусым 2021 13:05

Қазақстандықтар карантин бұзғаны үшін 1,3 миллиардтан аса айыппұл төлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Карантин талаптарын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,3 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 


Карантин талаптарын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,3 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

Биыл 1 қаңтар мен 19 маусым аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 107 358 рейд жүргізіп, 655 859 нысанды тексерді. 17 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан шектеу талаптарын бұзғаны хабарланды.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандар жұмыс істегені, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулер сақталмағаны, бұқаралық шаралар ұйымдастырылғаны анықталды.

"Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша, 315 іс сотқа жолданды, 84 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9, 9 мың шағын және орта бизнес иесі, 7,1 мың жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеден асады", - делінген ВАК хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети