Қазақстандықтар қайтадан қолма-қол ақшадан бас тарта бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар қайтадан қолма-қол ақшадан бас тарта бастады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша, қолма-қол ақшасыз төлемдердің едәуір өсуі тіркелді. Ұлттық банк мәліметінше, мұндай операциялар саны 13,4 пайызға өсіп, жалпы көлемі 166,1 триллион теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар күн сайын орта есеппен 35,1 миллион қолма-қол ақшасыз транзакция жасап, олардың жалпы сомасы 453,6 миллиард теңге болған. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі барлық операциялардың 98 пайызын, ал жалпы көлемнің 87 пайызы болған. Бұл халықтың цифрлық қаржы құралдарына деген жоғары сенімін көрсетеді.

Транзакциялардың негізгі бөлігін – 90 пайызы – қазақстандықтар банк онлайн-сервистері арқылы жүргізген. Сонымен қатар, интернет және мобильді банкинг қолданушыларының саны 13 пайызға артып, 25,9 миллион адамға жеткен. Орта есеппен, әрбір пайдаланушы жылына 6,1 миллион теңгенің онлайн-транзакциясын жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети