15 наурыз 2018 | 11:49

Қазақстандықтар келесі жылдан бастап қоқысты сұрыптауға міндеттелуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қазақстандықтар енді үйінен шығарылатын қоқыстарын өздері реттейді. Оларды іріктеу талаптары әр өңірде әрқалай. Мәселен, Шығыстағы тұрғындар тастайтын қоқыстарын 4 бөлікке бөліп сұрыптауы тиіс. Ал елордалықтар үйдегі қалдықтарды сұйық және құрғақтығына байланысты екі түрлі контейнерлерге жеке-жеке салады. Жаңа бастама келер жылы күшіне енеді, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар енді үйінен шығарылатын қоқыстарын өздері реттейді. Оларды іріктеу талаптары әр өңірде әрқалай. Мәселен, Шығыстағы тұрғындар тастайтын қоқыстарын 4 бөлікке бөліп сұрыптауы тиіс. Ал елордалықтар үйдегі қалдықтарды сұйық және құрғақтығына байланысты екі түрлі контейнерлерге жеке-жеке салады. Жаңа бастама келер жылы күшіне енеді, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Астанадан 20 шақырым қашықтықта орналасқан полигонға күніне 600 тонна қоқыс жиналады. Алайда, оның тек 10 пайызы ғана қайта өңдеуден өтеді. Салдарынан қаланың көркіне, экологиясына кері әсерін тигізуде. Бұл көрсеткішті жақсарту мақсатында қоқысты xалық енді өздері іріктейді.

"Энергетика министрлігі мен әкімнің арасында меморандумға қол қойылды, қоқысты бөлек жинау туралы. Құжаттар дайындалып жатыр. Келесі жылы көшеміз. Қоқыстар сұрыпталып, құрғақ және сұйыққа бөлініп, әрқайсысына бөлек контейнерлар қойылады", - дейді қаланы тазартушы мекеменің бас директоры Дуслан Ахметов.

Алайда, заңгер Марат Башимовтың айтуынша, бұл бастамаға халық тұрмақ, биліктің өзі дайын емес. Оған көшпес бұрын, алдымен зауыттар салынуы қажет екендігін айтады. 

"Мемлекет  халықты дайындау керек, үгіт-насихат жүргізіп. Біздің сана-сезімімізді осындай жоғары деңгейге көтеру керек. Мысалы, Германияның тәжірибесін қарасаң, саған айыппұл салады: 50 еуро, ол 20 мың теңге", - дейді заңгер Марат Башимов.

Бұл пікірді депутаттар да қолдайды. Мәжілісмен Павел Казанцевтің пайымынша, бастапқыда бұл іске мемлекет араласуы тиіс. Егер істі бір жүйеге салып берсе, қалған жұмыстар кәсіпкерлердің еншісінде.  

"Бұл бизнестің дамуына мемлекет қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қолдау көрсетуі тиіс. Ең құрығында осындай 3-4 жобаны қолға алса, бизнес одан әрі оны өзі-ақ дөңгелетіп әкетеді", - дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Павел Казанцев.  

Қоқыстарды сұрыптайтын зауытқа барған телеарна журналистері мұнда қаланың әр түпкірінен жиналған қоқыстар контейнерлер арқылы зауыттың ішіне кіретінін айтады. Зауыт жұмысшылары күніне 700 тонна қоқысты сұрыптаудан өткізеді. Мәселен, қара металдарды бір бөлек, шынылар бір бөлек және мынадай қағаз картондары бір бөлек сұрыпталып тасталады екен.

Мамандардың айтуынша, қоқыстарды азайту ең алдымен - табиғи ресурстарымызды сақтау үшін қажет. Бірақ, қалдықтарға екінші өмір сыйлау үшін олар өзге қоқыстармен араласпауы шарт. Бұл мәселе енді тұрғындардың еншісінде. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети