17 тамыз 2023 | 10:46

Қазақстандықтар көлік нөмірлерін онлайн бере алады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі - 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы. Бұрын көлік сатып алғанда – тіпті онлайн транзакция жасағанда – жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды. Сонымен қатар, сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алдық", - деді министр.

Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді, дейді министр.

Сонымен қатар, автокөлікті бастапқы тіркеу кезінде тапсыруға тиісті құжаттарының саны азайды, кейбір жағдайларда арнайы ХҚО-ға бару қажеттілігі жойылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети