Қазақстандықтар көлік салығы бойынша 30 миллиард теңге қарыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар көлік салығы бойынша 30 миллиард теңге қарыз Фото: usolie.info

Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ел бойынша борышкерлер саны миллионнан асады.

"Барлығы 30,7 миллиард теңге мөлшерінде қарыз есептелген. 26,8 миллиард теңге борыштың негізгі сомасы. Қалған 3,8 миллиард теңге - өсімпұл", - делінген хабарламада.

Қарыздың ең көп мөлшері Алматы тұрғындарына тиесілі. Алматылықтар көлік салығы бойынша 6,1 миллиард теңге қарыз болған.

Екінші орында - Алматы облысы. Бұл аймақтағы автокөлік иелері 4,8 миллиард теңге салық төлемеген.

Берешек сомасы бойынша үштікті Нұр-Сұлтан қаласы жабады. Елордалық автоәуесқойлар мемлекетке 3 миллиард теңгеге жуық қарыз.

"Борышкерлер саны бойынша антирейтингті Алматы облысы бастап тұр. Онда 165 мыңнан аса адам салық міндеттемелерін орындамаған. Екінші орында - Алматы қаласы. Борышкерлер саны 107 мың жеке тұлғадан асады. Үштікке Түркістан облысы да кірді. Онда 104 мың адам", - деді ведомство өкілдері.

Комитет өкілдері салық төлеу мерзімі өткеннен кейін әр күн үшін өсімақы есептелетінін ескертті.

Жеке тұлғаларға салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын орнату жеткілікті, ол арқылы қарыз сомасын көруге және салықты онлайн төлеуге болады. Сондай-ақ, қазақстандықтар салық төлеу үшін екінші деңгейлі банк қосымшаларын пайдалана алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети