21 қаңтар 2020 | 17:31

Қазақстандықтар көлік үшін Арменияда тұруға ықтиярхат алып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар көлік сатып алу үшін Арменияда тұруға ықтиярхат алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар көлік сатып алу үшін Арменияда тұруға ықтиярхат алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев отандастарды шетелдік есепте тұрған автомобильдерді сатып алмауға кеңес берді, өйткені олар қандай да бір себептерге байланысты еліміздің аумағында тіркей алмайды.

"Біздің азаматтарымыз Армения азаматтарымен бірге әр түрлі қулықтарды пайдаланып сол жерде (Арменияда - авт. түсіндерімесі) сатып алу үшін уақытша тұрғын мәртебесін алып жатыр деген ақпарат бар. Оның ішінде анықтамаларды әдеттегі ресімдеуден бастап және Арменияда тұруға ықтиярхатқа теңестірілген уақытша тіркеу картасы алып жатқандар бар екен. Осылайша, осы автомобильдерді сатып алып жатыр. 

Қазіргі уақытта ІІМ Армения Республикасына әкімшілік полиция комитетінің, көші-қон полициясы комитетінің құзыретті қызметкерлері жіберілді, олар армян әріптестерімен бірлесіп біздің де, армян азаматтарының іс-әрекеттерінің заңдылығын тексереді. Айтпақшы, Армения аумағында көлік сатып алуға барып, алданып қалғандар да бар. Оларды алдап, сан соқтырып кеткен. Осылайша қазақстандықтар шығынға батты. Осыны ескере отырып, министрлік осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - деп түсіндірді Қожаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети