Қазақстандықтар Конституция күніне орай қанша күн демалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Конституция күніне орай қанша күн демалады © Tengrinews.kz

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі.

Дәстүрлі түрде 30 тамызда жыл сайын тойланатын Конституция күні биыл жексенбіге келіп отыр. Тәртіп бойынша, мереке күні мен демалыс күні сәйкес келіп қалса, мерекеден келесі күні де демалыс жарияланады.

Осылайша, биыл қазақстандықтар 29, 30 және 31 тамызда демалады. Еске сала кетейік, egov.kz сайтында мерекелердің 2015 жылға арналған күнтізбесі шыққан болатын.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның ел Конституциясын республикалық референдумда қабылдағанына 20 жыл толады. Негізгі заңның мерейтойы Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойымен бірге жалпымемлекеттік деңгейде тойланады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети