Қазақстандықтар “кооперативке“ миллиардтап ақша салған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар “кооперативке“ миллиардтап ақша салған видео кадры

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған ELL QUATY қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған ELL QUATY қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарды HALYK QUATY кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендіріп, пайлық жарналарды енгізуді ұсынған.

"Halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, "халық кооперативі" деген жалған бейне қалыптастырған. HALYK тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы ELL QUATY болып өзгертілген", - делінген хабарламада.

Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.


"Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына "QAZ INFO MARKET" ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген. Нәтижесінде пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 миллиард теңге қаржы құйған".

Ұйымдастырушы қамауға алынғын. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети