01 сәуір 2021 10:44

Қазақстандықтар құмар ойындарды 6 есе жиі ойнай бастады - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Қазақстандықтар 2020 жылы құмар ойындарды жиі ойнай бастаған. Бұл туралы Finprom сарапшылары мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар 2020 жылы құмар ойындарды жиі ойнай бастаған. Бұл туралы Finprom сарапшылары мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 2020 жылы рекорд 78,6 миллиард теңге болғанын есептеді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда алты есе көп.

"2020 жылы құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі төртінші тоқсанда айтарлықтай өсті, сол кезде бұл көрсеткіш бірден 59,3 миллиард теңгеге жетті", - деп жазады басылым.

2019 жылы осы саладағы қызметтер көлемінің басым бөлігі ойын аймақтары орналасқан Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі болса, 2020 жылы жағдай өзгерді. Көш басына Алматы шықты: 57,2 миллиард теңге.

"Одан кейін Алматы облысы, топ үштікті Нұр-Сұлтан аяқтайды. Құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің едәуір көлемі Ақмола және Жамбыл облыстарында да байқалады. Көшбасшы өңірлердің бестігіне осы саладағы барлық қызмет көлемінің 99,8 пайызы тиесілі", - делінген сараптамада.

Айта кетейік, "Қазақстандық отбасылар - 2020" ұлттық баяндамасында жарияланған деректерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам ажырасу себебі ретінде ерлі-зайыптының біреуі құмар ойындарға әуес екенін көрсеткен. 2021 жылдың басында ойын бизнесі туралы жаңа заң күшіне енді, оған сәйкес құмар ойындарға тәуелді адамдардың туыстары мен лудомандардың өзі сот арқылы ақша тігуге шектеу қойғыза алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети